Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қаңтар
2020

Абайдың туғанына - 175 жыл!

Қазақтың бағына жаралған данышпан, хакім, дана Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай елімізде және көршілес мемлекеттерде көптеген іс-шаралар, челендждер өтуде. Мен, Қойбағаров Ернұр Кәдірұлы, №23 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, осы іс-шараларға өз үлесімді қоса отырып, Абайдың «Сегіз аяқ» әнінен бір шумақ орындап бермекшімін.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған-
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл...
Және осы – Абай әндері мен өлеңдерін, қара сөздерін оқу эстафетасын гимназия ұжымына және оқушыларына жолдаймын.
https://www.youtube.com/watch?v=CtoK01a290A