Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін №23 мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауы тыңдалды
02
қыркүйек
2022

Бүгін №23 мектеп-гимназиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауы тыңдалды

Бүгін №23 мектеп-гимназиясында ұстаздар қауымы бас қосқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты халыққа жолдауы тыңдалды. Биылғы Жолдаудың маңыздылығы  Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тағы бір үлкен қадам екені айқын байқалды.

«Президент Жолдауда, әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты тапсырмалар беріп, бұл - басталған саяси қайта құрулардың жалғасы екенін меңзеді. Мемлекет басшысы Президенттің өкілеттігін қысқартып, бір мерзім 7 жыл деп белгілеу туралы бастама көтерді. Мұның бәрі реформалар курсының жүйелілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.

Қазіргі сын-қатерлерге қарамастан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын: білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға қомақты қаржы бөлініп, барлық әлеуметтік төлемдер индекстеліп, зейнетақы төлемі қайта қаралып жатқанын атап өтті.
«Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды» деп санайтынын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын өзекті мәселелердің барлығын қамтыды. Бұл су ресурстарының тапшылығы, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және т.б. 
100 мың жасты жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, студенттік жатақхана мәселесін шешудің нақты шаралары жарияланған Жолдауда келешек ұрпақ мәселесі Президенттің назарында екені байқалды.
@bostandykalmaty 
@akimat_almaty 
@bostanbilim 
@edu.almaty 
@dvorec_almaty 
@zhas_ulan_almaty
@dvorec_almaty_filial