Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
17
тамыз
2018

"Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 120 бұйрығымен
бекітілген

"Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық,
арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттар топтамасын қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.