Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ақпан
2021

Мади Ален дзюдодан 1 орын иеленді!!!


Дзюдодан Алматы қаласының қалалық чемпионатында 11 «А» сынып оқушысы Мәди Ален 1 орынға ие болды.
Оның спортқа деген қызығушылығы мен ерік-жігері спортта да, оқуда да табысқа жетелейтіні сөзсіз.
Әр адам өз өмірінде өз жолын іздейді. Бүкіл өмірінің мақсатына жетелейтін сол өмір жолы. Ален өз бойында төзімділік пен батылдықты дамытты.
Кіші жетістіктерден бастап, бірте-бірте үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, жалқаулықтаы жеңіп, әдеттерін түбегейлі өзгерте отырып, ол қайсар мінез қалыптастырды. Бұл ерекше мінез оны барлық жағынан тәртіпке келтірді.
Аленді шын жүректен құттықтай отырып, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.