Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Декаданың жабылуына арналған концерттік кеш
06
қазан
2022

Декаданың жабылуына арналған концерттік кеш

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тілдер онкүндігінің қорытынды концерті өтті. Концерт Қазақстан Республикасы халықтарының  тілдері күні мен Алаш арысы, ұлттың ұлы ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, оқушылар қазақтың ұлттық биін, күйін шабыттана орындады. 4-сынып оқушылары Ахмет атамыздың мысалдарын мәнерлеп оқыса, жоғары сынып оқушылары тіл туралы тамаша өлеңдерімен бөлісті.  Концерттік бағдарламаны  Тұрсынбек Әділбек, Бектұрсын Жібек жүргізді. Мектеп оқушылары мемлекеттік тілге деген өздерінің сүйіспеншілігін, жанашырлық, қамқорлық көзқарастарын өздерінің дәлелді сөзі, ойы арқылы айта білді. Онкүндіктің барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық мұғалімдері өз шеберліктерін көрсетіп, жоспарланған іс-шара өз деңгейінде өтті.