Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң болсын!
15
наурыз
2021

Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң болсын!

№23 мектеп-гимназиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес,  «Қзақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік бірлестігі ұйымдастыруымен, мұғалімдер арасында, "Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда" атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді.  Конференция барысында Наурыз мейрамының шығуы туралы қызықты деректер мен мәліметтер көрсетіліп және де, талай Наурызды бастан өткерген жасы үлкен мұғалімдер жастарға бата беріп, жақсы әңгімелерімен бөлісті. Жастар жағы өз өнерлерін ортаға салып, көңілді әндерін шырқады.
Халқымыздың табиғатпен үндескен ұлттық мәдениетін, ата-бабадан қалған салт-дәстүрін жаңғыртуға бағытталған ғылыми танымдық конференция өз мақсатына жеткізілді.
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң болсын!