Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2020

1 қыркүйек - білім күні!

Құрметті оқушылар, ата-аналар, әріптестер!


Теңдесі жоқ сүйкімді маусымның бірі - керемет күз де келіп жетті, яғни, білім уақыты басталды деген сөз. Бүгінгі қыркүйектің алғашқы күнінде -сабақтарымызға, жаңаша ашылуларға және қызықты саяхаттарға ораламыз!  Осыған орай Сіздерді керемет мерекемен, шығармашылық және шабытқа жетелейтін – Білім күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! 
Биылғы оқу жылы біз үшін ерекше форматта басталғалы тұр. Оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Үкімет тарапынан жаңа оқу жылын қашықтықтан оқытуды бастау туралы шешім қабылданды. Әлемнің барлық елдері үшін қашықтықтан оқыту форматына көшу - пандемия жағдайындағы ең қажетті шешім  болды. Жауапкершілік пен ауызбіршілік, өз денсаулығына және айналасындағыларға қамқорлық жасау, өзара қолдау мен бір-бірімізге деген сенім - біздің еліміздегі қазіргі келеңсіз жағдайды жеңуге мүмкіндік береді.
Әсіресе, биыл бірінші рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1-нші сынып оқушыларына үлкен сәлем жолдағым келеді. Балалар!  Сіздер, осы күннен бастап есейіп, күн сайын өмірлеріңізге ерекше толқын беретін, жаңа әсерлерге бөлейтін қызықты жаңа өмірдің қарсаңында тұрсыздар. Сіздерге шын жүректен сәттілік, өте жақсы деген бағалар мен ақ-адал достар тілеймін! 
     Сонымен қатар осы оқу жылында мектеп бітіретін біздің түлектерімізге сәттілік пен қажымас қайрат тілеймін! Сіз бен бізді айыратын,  үйреншікті мектеп өмірімен қош айтысатын уақыттың да ауылы алыс емес. Сіздерге сарқылмас қуат пен айқын мақсаттар мен армандар тілеймін! Соңғы Мектеп жылы Сіздер үшін ең жемісті жыл болсын!
     Біздің мектеп - бұл бір үлкен тату отбасы тәрізді.  Жаңа оқу жылының басталуының осы салтанатты сәтінде, мектеп ұжымы әрі қарай да, өз міндеттерін жауапкершілікпен және мұқият атқаратынына сенім білдіргім келеді. Біз үшін шығармашылық міндеттерді бірге шешу, мектептің имиджіне бірге қамқорлық жасау - жақсы дәстүрге айналған! Бұл керемет дәстүр осы 2020-2021 оқу жылында да өз жалғасын тауып, ұжымымызға жаңа жетістіктер әкелсін!
   Жаңа оқу жылы құтты болсын! Осы оқу жылында біздің үлкен мектеп ұжымының әр мүшесінің армандары орындалсын!!!