Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу
27
қаңтар
2020

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда тек қана құзырлы және жауапты органдардың ғана емес, жалпы білім беретін оқу орындарының да жіті назарында боп, көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осындай мақсатта және құқық бұзушылыққа қалай жол бермеу керек, тосын жағдайларда эмоцияға берілмеу, әр істеген ісіңе жауапкершілікпен қарау, моральдық құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану сынды түсіндірме жұмыстарымен №23 мектеп-гимназия инспекторы Масимова Рано Комунаровна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қойбағаров Ернұр Кәдірұлы жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Оқушыларға, заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтыны түсіндірілді.
Сонымен қатар «Тeen Age» қолдау көрсету орталығының жетекшісі Скрипиненко Максим Александрович жоғары сынып оқушыларымен – «Өз эмоцияң мен сезімдеріңді қалай дұрыс басқару керек» тақырыбында пайдалы тренинг өткізді.