03
қазан
2025
22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында "Ана тілі - қазынам" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті.
Мектебімізде 22.09-01.10 аралығында "Ана тілім - қазынам" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырып, мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалады. Онкүндіктің ашылу салтанаты сағат 7:30-да оқушыларды әсем күймен қарсы алумен басталды. Оқушылар пән мұғалімдерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, сыйлықтар алды. Сонымен қатар сабаққа кешіккен оқушылар "Қаражорға" биін билеп, "айыптарын" өтеді. Онкүндікте бастауыш, орта буын және жоғары сынып оқушыларының арасында КітапФест көркем шығармаларды талдау дөңгелек үстелі, ТілGram видеобайқау, "Абай әлемі менің көзіммен" фотоколлажы, "Асық ойнаған азбайды" асық ату ойынымен көңілді үзіліс, "Көркем жазу-көркем ой" таза дәптер байқауы, "Қазақшаңыз қалай?" білім сайысы, "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы жалықпа" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жеңімпаздар диплом, алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жоғары деңгейде өткен іс-шараны ұйымдастырған барша қазақ тілі мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.



