Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №23 мектеп-гимназиясының базасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.
18
қазан
2025

№23 мектеп-гимназиясының базасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті.

  2025 жылдың 18 қазанында №23 мектеп-гимназиясының базасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясы бойынша бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті. Семинардың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру, оқу дағдыларын жетілдіру және мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды.
           Семинарға аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлер мен пән жетекшілері қатысты.  Богданова А.М. мен Доронина Ю.В. қатысушыларды тіркеуден өткізіп, семинардың өту барысымен таныстырды.
          Семинардың кіріспе сөзін №23 мектеп-гимназиясының директоры Смаилова Ф.М. ашып берді.  Одан кейін аудандық білім бөлімінің жетекшісі Қасымбек А.Ж. қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп,  оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы жобаның маңыздылығын атап өтті. Бастауыш сынып хоры «Подарите мне новую книгу» әнін орындап, семинар қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
         Семинардың негізгі бөлімі барысында №23 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Әбдікерім Г.С. «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын әдебиеттік оқу пәні арқылы дамытудың әдіс-тәсілдері»  тақырыбында тәжірибелік бағыттағы баяндамасын ұсынды. Ол өз тәжірибесінен тиімді әдіс-тәсілдер мен инновациялық оқыту технологияларын көрсетті.
          Келесі кезеңде қатысушыларға сергіту сәті ұйымдастырылды. Мұғалімдерге жапондық сергіту сәтін Әбдікерім Г.С. жүргізді. Бұл сергіту сәті мұғалімдер арасында белсенділік пен жағымды эмоция қалыптастыруға бағытталған жаттығулар өткізілді.
          Семинардың келесі бөлімінде бастауыш сынып мұғалімі Майлыбаева Р.С. «Адалдық пен жауапкершілік қасиеттері арқылы  бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады.
 Ал,  Райбекова С.А. «Ағылшын тілі сабағында оқуды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
          Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімі Кабдулкалыкова А.М. «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары»  тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, практикалық тапсырмалар ұсынды. Семинар соңында №23 мектеп-гимназиясының оқушылары  «Мақта қыз бен мысық» қойылымын сахналап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
           Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді. Мұндай шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, педагогикалық инновацияларды енгізуге зор ықпал ететіні анық.