Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың немесе жастардың қудалаумен күресуге арналған қандай да бір онлайн-құралдар бар ма?
20
қараша
2020

Балалардың немесе жастардың қудалаумен күресуге арналған қандай да бір онлайн-құралдар бар ма?

Балалардың  немесе жастардың қудалаумен күресуге арналған қандай да бір онлайн-құралдар бар ма?
 Әрбір әлеуметтік платформада сіздің жазбаңызға пікір жаза алатын  немесе оны оқи  алатын, немесе осы платформада  автоматты түрде  сізге "дос" бола алатын теңшеуге мүмкіндік беретін құралдар бар. Олардың көмегімен, сондай-ақ қудалау жағдайлары туралы хабарлауға болады. Мұндай құралдардың көпшілігін пайдалану оңай: сіз ол арқылы хабарламаларды оңай бұғаттап, сөндіре аласыз  немесе қудалау туралы хабарлай аласыз. Біз олармен танысуды ұсынамыз.
Сонымен қатар, әлеуметтік медиа компаниялар балаларға, ата-аналар мен оқытушыларға арналған арнайы нұсқаулар шығарады, олардың ішінен интернеттегі қауіптер мен өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету жолдары  туралы білуге болады.
Ең жақсы қорғаныс – ол өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Онлайн қудалаудың куәсі болған кезде өзіңіздің қудалауға қатысты қандай жағдайда қалғаныңызды еске алып, басқа адамға көмектесуге болатыны туралы ойланыңыз. Болған жағдай туралы тиісті жерге хабарлап, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартыңыз, сенімді ересек адамдарға хабарлап, айналадағыларыдң назарын осы мәселеге аударуға тырысыңыз. Бұл қарапайым мейірімділіктің көрінісі өмірде маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Егер сіз өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы алаңдаулы болсаңыз немесе  сізді өзіңізбен интернетте не болған жағдай алаңдататын болса, шұғыл түрде  өзіңіз сенім артқан ересек адаммен сөйлесіңіз. Сонымен қатар, 111 немесе 150 арнайы сенім телефондарына қоңырау шалыңыз. Осы телефондар олар арқылы тегін қоңырау шалып, өз мәселесіңізді жасырын хабарлауға болады.