Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2020

Адалдық сағаты

«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
«Бауыржан Момышулы: честь и доблесть - признаки героя»
Бүгін "Адал Ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" клуб мүшелері арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.
Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.
Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.
Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.
Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен». 
Бейнесабақ арқылы жастардың бойындағы адалдық қасиеттердің маңыздылығын, өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзеу негізгі мақсат болды.
Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.
«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары аталған құндылықтарды жастардың бойына сіңіру арқылы адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттер жоғары бағаланатын, жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді...