25
қараша
2021
Тарихи ескерткіштерге саяхат (квест)
Тарихи ескерткіштерге саяхат (квест)
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы сақтау күресі.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни, халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар.
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, 8Ә сынып оқушылары қаламыздың басты архитектуралық ескерткіштеріне саяхат жасап, олардың маңызы мен мағынасын біліп қайтты.
Қаламыздың архитектуралық тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат - жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен ескерткіштерін тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту.
1. Республика алаңы - Тәуелсіздік монументі;
2. "Тәуелсіздік таңы» ескерткішіі