25
қараша
2021
Тауға саяхат
..."Тау баласы тауға қарап өседі" демекші тауды сүймейтін қазақ жоқ шығар. Тек оны сүйіп қана қоймай, тауға шығып, саяхаттағанды, қызықты оқиғаларды басынан кешіргенді жақсы көретін 7Ә сынып оқушылары, демалыс күндерін пайдалы, танымды әрі денсаулыққа пайдалы етіп өткізу мақсатында тауға серуенге шықты.
"Атың барда - жер таны желіп жүріп, асың барда - ел таны беріп жүріп" демекші, сынып жетекшісі Ерқалым Баян Боранбайқызы, сыныптағы оқушылардың ауызбіршілігі мен табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оны аялауға, қорғауға бағытталған қасиеттерді бойларына сіңіру үшін, осы саяхаттың зор маңызға ие екендігін көрсетті.
Таза ауада тыныстап, табиғат құшағында тынығу - жанға шипа. Тауға шығу үшін көп шығын да қажет емес. Демалыста ойын-сауық орталықтарына ақша жұмсағанша, тауға барып демалып қайтуға болады.
Тауға шықсаңыз жан-дүниеңіз тынығып қайтады. "Мен таулықпын" деп тау-тасты жаңғырта өлең оқып, "Тау ішінде", "Қараңғы түнде тау қалқып" деп ән шырқап қайтсаңыз, тіпті керемет емес пе?!