Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ерлігіне арналған «Өмірде ерлікке орын бар» тақырыбында ерлік сабағы
17
қараша
2022

Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ерлігіне арналған «Өмірде ерлікке орын бар» тақырыбында ерлік сабағы


🔹Алматы қаласы, Бостандық ауданы Білім бөлімі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Алматы қаласы Бостандық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының жылдық жоспарына сәйкес №23 мектеп-гимназиясында Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ерлігіне арналған «Өмірде ерлікке орын бар» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді.
Мерекелік іс-шараның қонақтары болып:
1. Аудандық білім бөлімінің басшысы - Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы.
2. Бостандық ауданы Әскери комиссариатының майоры - Полатжан Омаржанұлы
3. Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының төрағасы - Дәуілбеков А.Н.
4. Ауғанстан ардагері Әлібаев Назар.
5. Қарулы Күштердің полковнигі - Шәмшиден Әбдірау Партенұлы шақырылды
Ерлік сабағының мақсаты: мектеп оқушыларының туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Шара барысында патриотизм мен ұлтжандылық тақырыптары сөз болып, ардагерлер Ауған соғысы мен оның зардаптары туралы, қазіргі таңдағы ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдық тарихы мен қазақ әскерінің соғыс техникасындағы жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Ерлікке бағдар болған сабақ барысында оқушылар өз тарапынан қызықты сұрақтар қойып, бейбіт күннің қадір-қасиетінің маңыздылығын сөз етіп, ардагерлерге алғыстарын білдірді. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»...

🔹в нашей школе прошел урок мужества.
Были приглашены гости:
1. Руководитель районного отдела образования Қасымбек Айгуль Жумабековна.
2.Полатжан Омаржанович - майор военкомата Бостандыкского района.
3.Давильбеков А.Н. -председатель союза Ветеранов войны в Афганистане.
4.Ветеран Афганистана Алибаев Назар.
5.Полковник Вооруженых сил Шамшиден Абдырау Партенулы.
Итог мероприятия: Для каждого мальчика есть одно важное качество – это мужество! С юных лет каждый из вас должен формировать свой характер, воспитывать в себе благородство, твердость духа, решительность, честность, трудолюбие, уважение к женщине, силу, здоровье, выносливость и снисходительность к слабому. Это и есть главные качества настоящего мужчины и мужественного человека.