05
мамыр
2023
4-6 сынып оқушылары «Қызылша және оның алдын алу» тақырыбында диктант жазды
№23 мектеп-гимназиясының 4-6 сынып оқушылары арасында қызылша ауруының алдын алу шараларына байланысты «Қызылша және оның алдын алу» (КОРЬ) тақырыбында диктанттар жазды. Оқушылар бұл жедел тарайтын вирусты ауру туралы кеңірек біліп, одан сақтану жолдарын, әртүрлі вирустарға қарсы тұру үшін иммунитетін көтеру үшін не істеу керек екендігінен хабардар болды. 




