Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 3-9 сынып оқушылары «Вирусты гепатит» тақырыбында диктант жазды
21
мамыр
2022

3-9 сынып оқушылары «Вирусты гепатит» тақырыбында диктант жазды


    
Вирусты  гепатиттер – адамзат баласында кездесетін, әр түрлі вирустар туындататын инфекциялық аурулар тобы, жұғу жолдары мен  емделуі, жазылуы, асқынулары да әр түрлі болады. Олардың барлығы кезеңмен өтеді, оларды туындататын вирустар гепатотропты деп аталады. Яғни клиникалық жағдайда вирустардың   негізгі зақымдайтын ағзасы - ол бауыр.

Қазіргі таңда зертханалық зерттеулердің көмегімен вирусты гепатиттердің А, В, С, D және Е түрлері  диагностикаланады. Сонымен бірге, G, F  және  ТТ вирусты гепатиттеріде анықталуда.
          Негізінде бұл гепатиттердің айырмашылығы олардың жұғу, берілу жолдарында. А және  Е вирусты гепатиттері, басқа  ішек инфекциялары сияқты  басты жұғу жолы ауыз арқылы, тазалық сақталмаған кезде;  В, С, D, G гепатиттері– залалданған қанды құйғанда және ластанған медициналық құралдарды, тұрмыстық  заттарды  пайдаланғанда, сондай-ақ жыныстық қатынас арқылы жұғады.
Осы жерде айта кететіні, аурудың өтуі мен клиникасы  бойынша гепатиттер жіті және созылмалы түрлерге бөлінеді.  «А» және  «Е»-вирусты  гепатиттері жіті түрде өтеді, созылмалы түрі болмайды. Ал, «В», «С», «Д» және басқа  гепатиттері жіті түрде және созылмалы түрде кездеседі.  
Барлық вирусты гепатиттердің, оның ішінде А вирусты гепатиті инфекциясының жұғу көзі - науқас адам немесе денесінде індеттің вирусы бар  (тасымалдаушы) адам болып табылады. Ең қауіптілері аурудың жеңіл түрімен ауыратын науқастар немесе инкубациялық кезеңнің жасырын өтіп жатқан кезеңіндегілер.
А және  Е вирусты гепатиттердің түрлері ішек инфекциялары сияқты жуылмаған көкөністер мен жемістер немес су арқылы, лас қолдар арқылы беріледі. Бұл  инфекциялар созылмалы түрге ауыспайды. Аталған гепатиттердің түрімен көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер және 30 жасқа дейінгі ересек адамдар ауырады (кей жағдайда 30-дан асқандар да).
Инфекцияның негізгі жұғу жолдары:
- Жеке бас гигиенасын сақтамаған кезде, А вирусты гепатитімен ауырған адам дайындаған тамақ, тамақ өнімдері арқылы (тағамдар). Термикалық өңдеуден өтпей дайындалған немесе толық піспеген  тамақ арқылы. Дайындалып болғаннан кейін, лас қолдармен ұстаған тамақ арқылы да жұғады.
- Тұрмыстық жақын қарым-қатынаста болғанда - лас қолдар арқылы және  ортақ қолданыста болған тұрмыстық заттар арқылы, бұл жерде инфекцияны тарататын факторлардың бірі есік тұтқалары,  санитариялық-техникалық жабдықтардың тұтқалары, крандардың беттері, баспалдақтардың тұтқалары, ойыншықтар, т.с.
 - Су арқылы - залалданған, лас  суды ауыз су ретінде, тамақ дайындауда, ыдыс-аяқ жуғанда  пайдаланған кезде, ашық су көздерінде шомылғанда.       
Ауру белгілері мен оның өтуі: тәбеттің болмауы, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, жүрек айну,  құсықтың пайда болуы және тері қабаттары мен көздің сарғаюы.  Кей жағдайда аурудың басталуы тұмауға да ұқсайды: температура көтеріледі, мұрын бітіп, жөтел болады, денесі сырқырайды.
Елімізде, соның ішінде біздің облысымызда, 2001 жылы  «А» гепатитіне қарсы балаларды вакцинациялау жұмыстары басталған болатын. Нәтижесінде,  халық арасында, соның ішінде балалар арасында ауру бірнеше есеге төмендеді.  Егер де  2001 жылы «А»  гепатитінің 2261 жағдайы тіркелген болса (100 мыңға шаққандағы көрсеткіші-228,5), 2022 жылдың 7 айында  «А»  гепатитінің 5 жағдайы тіркелді (100 мыңға шаққандағы көрсеткіші-0,44), 500 еседен аса төмендеген.
А» гепатитіне қарсы вакцина, тұмауға қарсы вакцина сияқты жергілікті бюджет есебінен сатып алынады, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.09.2020ж. шыққан №612 Қаулысына сай облыстық бюджет есебінен алынады.
Десекте, гепатитті жұқтыру жолдары көп жағдайда белгісіз болып қалуда.
Гепатит жұқтыру қаупінен сақ болу үшін, вакцинация жүргізу қажет. Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында  А және  В  гепатиттеріне қарсы тиімді вакциналар жеткілікті. С гепатитіне қарсы вакцинасын дайындап, шығару бағытында қарқынды зерттеулер жүргізілуде.