Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің мектепте «Анасының шуағы» байқауы өтті
27
ақпан
2026

Біздің мектепте «Анасының шуағы» байқауы өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  бастауыш сынып оқушылары арасында «Анасының шуағы» атты мерекелік байқау ұйымдастырылды.

Іс-шараға 1–4 сынып оқушылары аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және сахналық мәдениеттерін көрсетті. Байқау барысында қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Байқауға 1 «Ә», 3 «Ә», 4 «Ә», 2 «Б», 3 «А», 4 «А» сыныптарының оқушылары қатысты.

Ана мен бала арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті дәріптеген бұл шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің өнерлі, талантты екендерін дәлелдеді.

Ұйымдастырушыларға, сынып жетекшілеріне және белсенді қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.

Мереке қарсаңында өткен бұл байқау мектебіміздің жарқын дәстүрлерінің біріне айналады деп сенеміз.

 
-->