Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміздің мақтанышы!
23
сәуір
2026
Мектебіміздің мақтанышы!
11 «А» сынып оқушысы Утепов Ерсұлтан «Сардар» қалалық кешенді олимпиадасында I ОРЫН иеленді! Бұл сайыс 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылып, Алматының түкпір-түкпірінен келген үздік қатысушыларды біріктірді. Жеңімпазды осы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі сапалы дайындығы, тәртібі мен кәсіби шеберлігі үшін жетекші лейтенант Таласбаев Б. Т.-ға зор алғысымызды білдіреміз. Қол жеткен жетістіктермен тоқтамай, жаңа белестерді бағындыруға
Геология әлеміне саяхат
17
сәуір
2026
Геология әлеміне саяхат
Бүгін мектеп директоры Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Алматы қалалық Оқушылар сарайы атынан берілген естелік сыйлықтарды мектебіміздің оқушыларына табыстады. Оқушылар XI Алматы ашық қалалық геологиялық олимпиадасы аясында өткен «Старт в геологию» қалалық зерттеу жобалары байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Беликовa Каролина, 9 «Б» сынып оқушысы — I орын Сексенбаева София, 8 «А» сынып оқушысы — II орын Оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығы мен жоғары жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жоба
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
10
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
9 «Б» сынып оқушысы Беликова Каролина — І орын, ал 8 «А» сынып оқушысы Сексенбаева София — ІІ орын иеленді. Олар XI Алматы қалалық ашық геологиялық олимпиадасы аясында өткен «Геология әлеміне саяхат» атты  қалалық зерттеу жобалары байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Байқау Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ғылыми ізденіске деген қызығушылығы мен жоғары жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жоба жетекшісі — география пәнінің
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі танымдық кездесу өтті.
08
сәуір
2026
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыған Бостандық ауданының аға прокуроры Жүсіпбек М. Е. сөз сөйледі. Сондай-ақ, оқушылар алдында полиция майоры Молдабергенова  Ш. Ж. сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, заңға қайшы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңыздылығы туралы түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Оқушымыздың жетістігімен мақтанамыз!
27
наурыз
2026
Оқушымыздың жетістігімен мақтанамыз!
№23 мектеп-гимназиясының оқушысы Утенова Еркеқыз WorldSkills Kazakhstan стандарттары бойынша өткен қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына — «Мамандықтағы алғашқы қадамдар» байқауына қатысты. «Ағаш ұстасы ісі» құзыреттілігі бойынша Еркеқыз жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, II орын иеленді!  Сонымен қатар, қатысушы Алтын сертификатпен марапатталды. Бұл сертификат оның жоғары нәтижесін растап, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Архитектура, дизайн және инженерия колледжі-не байқаудан тыс түсу
"Айналайын" қалалық конкурсы
30
сәуір
2025
"Айналайын" қалалық конкурсы
"Айналайын" қалалық конкурсында 8Б сынып оқушысы Ахметов Имин жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: Ерназарова А.С.
"ECO Solutions Hackathon" қалалық конкурсы
30
сәуір
2025
"ECO Solutions Hackathon" қалалық конкурсы
"ECO Solutions Hackathon" қалалық конкурсында 8Ә сынып оқушылар Шаяхметова Ақнұр және Утенова Еркеқыз 1 орынды жеңіп алды.  Жетекшісі: Сейдаз Т.М.
-->