Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сәуір
2026

БІЗДІҢ ШАХМАТШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҮШТІГІНДЕ!

«Тұран» колледжінің базасында өткен қалалық деңгейдегі тартысты додада «№23 мектеп-гимназия» КММ командасы ерекше ойын өрнегін көрсетті!
Алматы қаласы мектеп оқушылары арасындағы шахматтан командалық біріншілікте біздің оқушылар жүлделі III орынды иеленді.
Әрбір партия төзімділік пен терең логиканың сынағы болды. Шәкірттеріміз шахматтың тек ойын емес, нағыз стратегиялық өнер екенін дәлелдей білді.
Команда жетекшісіне ерекше алғыс:
Білікті тәлімгер Ә.М. Тұбабергеновтің жетекшілігімен оқушыларымыз өз қабілеттерін толық көрсетіп, биік нәтижеге қол жеткізді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Алдағы турнирлерде де сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!

-->