29
сәуір
2026
Мектеп — тек білім ордасы ғана емес, жылдар бойы үзілмейтін берік достықтың мекені!
Бүгін мектебіміздің ауласы тағы да бірнеше мәңгі жасыл шыршамен толықты. Бұл игі іс «Номад Лайф» компаниясының тамаша бастамасының арқасында жүзеге асты . @nomadlife.kz_official
Осынау қайырымдылық акциясына аталған компанияда еңбек етіп жүрген 1999 жылғы мектеп түлегінің атсалысқаны біз үшін ерекше қуаныш. Бұл — ондаған жыл өтсе де, мектеппен байланыстың үзілмейтінінің және оның осындай пайдалы да игі істерге ұласатынының шынайы үлгісі.
Енді бұл шыршалар оқушыларымызбен бірге бой түзеп, мектеп ауласына сән береді және туған жерге қамқорлықпен қараудың маңыздылығын еске салып тұрмақ.
Мектебіміздің экологиясы мен жайлылығына үлес қосқаны үшін «Номад Лайф» компаниясына алғыс айтамыз!