06
мамыр
2026
«Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам»
30 сәуір күні №23 мектеп-гимназиясында «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам» атты тәрбиелік кеш өтті. Кештің ерекше қонағы – Зейнеп Ахметқызы, Бауыржан Момышұлының келіні, қоғам қайраткері, белгілі жазушы, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» сынды көркем туындылардың авторы.
Зейнеп апамыз – отбасылық құндылықтарды, бала тәрбиесін насихаттаушы, батыр бабамыздан қалған аманатты жеткізуші, аяулы ана, асыл әже. Кеш барысында ол бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар және қазақтың ұмыт қалған шежіресі жайында тағылымды ойларымен бөлісіп, көпшілікті тәнті етті.
Сонымен қатар, батыр атамыз туралы құнды әрі қызықты естеліктер айтып, кештің әсерін арттыра түсті. Кеш соңында өнерсүйер қауыммен естелік суретке түсіп, автор өзінің «Жетілік ұғым», «Сөз анасы», «Күретамыр» атты кітаптарына қолтаңба берді. Қонақ жылы лебізге бөленіп, оқырмандардың зор ықыласына ие болды.