Алматының жас құтқарушылары экстремалды жағдайларда әрекет ету қабілетін көрсетті
«Медеу» туристік орталығының базасында Алматы қаласының 15 жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті.
Айтулы дода үшін жас құтқарушылар жасақтарынан үздік командалар таңдалып, ұлдар мен қыздар керемет дағдылар мен экстремалды жағдайларда әрекет ету қабілетін көрсетті, сонымен қатар күш жаттығуларын сәтті орындады.
Бұл жарыста №23 мектеп-гимназиясының Жас құтқарушылар командасы да өнерлері мен қабілеттерін көрсетіп, марапаттарға ие болды.
Жарысты ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі, Білім басқармасы, Алматы қаласының Қызыл жарты ай қоғамы.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады: өрт техникасын жауынгерлік орналастыру, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және оны тасымалдау, аспалы өткел, екі тақтайшаны қолданатын өткел және т.б.
Жарыс өткізу тәжірибесі көрсеткендей, жарысқа қатысушылар төтенше жағдайларда (жер сілкінісі, өрт және т.б.) дұрыс әрекет ету, физикалық және психологиялық дайындық бойынша практикалық білім алады. Мұндай іс-шаралар қажет болған жағдайда халықты қорғауға, дұрыс дағдылар қалыптастыруға, азаматтық көзқарас тәрбиелеудегі ең тиімді элементтердің бірі болып табылады.