Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді
03
наурыз
2021

1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді

1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді
2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді.
Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.
Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты киімде болуға рұқсат етіледі.
🔗Толығырақ Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың парақшасынан оқи аласыздар.
@edu_news_qz