Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай, Соғыс және тыл ардагерлері – құттықталды!
09
мамыр
2021

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай, Соғыс және тыл ардагерлері – құттықталды!

Бүгін, №23 мектеп-гимназиясы әкімшілігі, «Сабақ» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында,  Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай,  Соғыс және тыл ардагерлері – Вологодский Владислав Георгиевич, Волкова Нинель Григорьевна және Бекбулатов Талғат Каримовичті Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап,  азық-түлік себетін табыстады. 
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеп, бейбіт өмір сүруіміз де - осы Жеңістің жемісі.
Осынау ерлікке толы Күн - тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
№23 мектеп-гимназия ұжымы ардагерлерге темірдей денсаулық пен ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейді! Әр күндеріңіз сүйіспеншілік пен ықыластың жылуымен жылынсын!