Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өрт қауіпсіздігіне арналған ашық сабақтар мен сурет көрмелері
04
қазан
2022

Өрт қауіпсіздігіне арналған ашық сабақтар мен сурет көрмелері


🚒Бүгін, 23 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында "Орманды қорғайық", "Өрт зардаптары" және "Өрт болған жағдайда қандай іс-әрекет ету керек?" тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, пайдалы бейнематериалдар көрсетілді.

🧯Мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.

📢Міндеті: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды зейінді болуға,, қырағылыққа, қамқорлыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

✅Күтілетін нәтижелер: Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маңыздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады. Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Пайдалы ақпараттарды іздеуге және оны пайдалануға үйренеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿

#төтеншежағдай
#өртқауіпсіздігі
#ормандысақтайық
#абайбол
#өрттенсақтану