Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
желтоқсан
2022

Сейсмологиялық жаттығу өткізілді




Эвакуациялау және сейсможаттығу өткізілді

Алматы қаласы бойынша жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу басталды. Ол жылына бір рет өткізіледі. Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.
Алматы қаласы Төтенше жағдай Департаменті мен Білім басқармасының ортақ жоспарына сәйкес, бүгін №23 мектеп-гимназиясында да мектеп мұғалімдері, техникалық қызметкерлер мен оқушылардың дайындық дәрежесін анықтауға және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған сейсможаттығу өткізілді. Қатысушыларға жер сілкінісі қаупі төнген кезде және қатты жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі жеткізілді. 
Жалпы сейсможаттығуды өткізу жоспары желтоқсан айында төтенше жағдайлар бөлімімен әзірленеді және бір жылға бекітіледі. Шара барысында мекеме қызметкерлерінің, білім алушыларының іс-қимылы, өзара байланыс әрекеттері пысықталады. Ең бастысы, сейсможаттығу төтенше жағдайларда үрей мен қысымдарды болдырмау үшін қажет.
Сейсмикалық оқу-жаттығу сағат 11:00-де теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу және қалалық ескерту жүйесі арқылы іске қосылды. Қала қонақтары мен тұрғындарына «ДАРМЕН» мобильді қосымшасы арқылы push-хабарлама жіберілді. Жаттығу суық мезгілде жүргізіліп жатқандықтан, барлық эвакуацияланушылар жылы киімдерімен қауіпсіз аймақ пунктіне жиналды.
Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып табылады. Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп баллдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтумен байланысты емес.
Мектеп әкімшілігінің атынан байыптылық танытып, осы іс-шараға қатысқан барлық жандарға зор алғыс білдіреміз!