Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жарқын мейрам – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің белгісі. Көктемнің шуақты күндері әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақыт пен бақ тілейміз. Әр күндеріңіз қуанышқа толы болып, барлық бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын! Ізгі тілекпен, Мектеп әкімшілігі