Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас Бүркіт–2026»
10
сәуір
2026
«Жас Бүркіт–2026»
11 «А» сынып оқушысы Ерсултан Утепов «Жас Бүркіт–2026» әскери-спорттық жарысына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы атынан алғыс хатпен марапатталды. Жарыс барысында Ерсултан тартылу бойынша 2 орын иеленіп, жоғары дене дайындығы мен табандылығын көрсетті. Жетекшісі: Таласбаев Б.Т. Оқушымызды мақтан тұтамыз және оқу мен спортта толағай табыстар тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
10
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
9 «Б» сынып оқушысы Беликова Каролина — І орын, ал 8 «А» сынып оқушысы Сексенбаева София — ІІ орын иеленді. Олар XI Алматы қалалық ашық геологиялық олимпиадасы аясында өткен «Геология әлеміне саяхат» атты  қалалық зерттеу жобалары байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Байқау Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ғылыми ізденіске деген қызығушылығы мен жоғары жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жоба жетекшісі — география пәнінің
2026 жылғы 9 сәуір күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
09
сәуір
2026
2026 жылғы 9 сәуір күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының
Жиналыс барысында мектептің оқу-тәрбие және ұйымдастыру жұмыстарына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды: 1. IIIтоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі.     2. «Адал Азамат» бағдарламасы аясындағы III тоқсандағы тәрбие жұмысының қорытындысы.     3. Оқушылардың мектеп формасын сақтау тәртібі. 4. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы.     5. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.     6. Олимпиадалар мен байқаулардың
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі танымдық кездесу өтті.
08
сәуір
2026
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыған Бостандық ауданының аға прокуроры Жүсіпбек М. Е. сөз сөйледі. Сондай-ақ, оқушылар алдында полиция майоры Молдабергенова  Ш. Ж. сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, заңға қайшы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңыздылығы туралы түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.
-->