Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сәуір
2026

БІЗ – ЖАУАПКЕРШІЛІК ҰРПАҒЫ

Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз! Бостандық ауданының командасы қалалық «ЖАУАПКЕРШІЛІК ҰРПАҒЫ» әлеуметтік жобасына қатысып, қала бойынша І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!
«#заң_трендте» байқауы аясында біз жауапты азамат болудың қызықсыз емес, керісінше заманауи әрі сәнді екенін дәлелдедік!
Біз не көрсеттік?
Біз құқықтық мәдениет пен экологияны ұштастырдық. Өйткені «Таза қала – менің жауапкершілігім» деген сөз жай ғана ұран емес, біздің өмір салтымыз. Біз «Алматы – таза қала» бағдарламасын қолдап, сүйікті мегаполисіміздің тазалығы әрқайсымыздан басталатынын көрсеттік.
Біздің қойылымымыз не туралы болды?
Сахнада біз маңызды тақырыптарды қозғадық:
Құқықтық сауаттылық: заңды білу – өз құқығыңды қорғау;
Экологиялық мәдениет: Алматы таза ауамен тыныстауы керек;
Жеке үлес: «Алматы – таза қала» бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру.
Бүкіл қойылымымыздың негізгі ұраны:
СЕНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІҢ – СЕНІҢ КҮШІҢ!


-->