Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас Бүркіт–2026»
10
сәуір
2026
«Жас Бүркіт–2026»
11 «А» сынып оқушысы Ерсултан Утепов «Жас Бүркіт–2026» әскери-спорттық жарысына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы атынан алғыс хатпен марапатталды. Жарыс барысында Ерсултан тартылу бойынша 2 орын иеленіп, жоғары дене дайындығы мен табандылығын көрсетті. Жетекшісі: Таласбаев Б.Т. Оқушымызды мақтан тұтамыз және оқу мен спортта толағай табыстар тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
10
сәуір
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
9 «Б» сынып оқушысы Беликова Каролина — І орын, ал 8 «А» сынып оқушысы Сексенбаева София — ІІ орын иеленді. Олар XI Алматы қалалық ашық геологиялық олимпиадасы аясында өткен «Геология әлеміне саяхат» атты  қалалық зерттеу жобалары байқауында жоғары нәтиже көрсетті. Байқау Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ғылыми ізденіске деген қызығушылығы мен жоғары жетістіктерін мақтан тұтамыз! Жоба жетекшісі — география пәнінің
2026 жылғы 9 сәуір күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
09
сәуір
2026
2026 жылғы 9 сәуір күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларының
Жиналыс барысында мектептің оқу-тәрбие және ұйымдастыру жұмыстарына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды: 1. IIIтоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімі.     2. «Адал Азамат» бағдарламасы аясындағы III тоқсандағы тәрбие жұмысының қорытындысы.     3. Оқушылардың мектеп формасын сақтау тәртібі. 4. 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы.     5. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.     6. Олимпиадалар мен байқаулардың
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі танымдық кездесу өтті.
08
сәуір
2026
Біздің мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыған Бостандық ауданының аға прокуроры Жүсіпбек М. Е. сөз сөйледі. Сондай-ақ, оқушылар алдында полиция майоры Молдабергенова  Ш. Ж. сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, заңға қайшы әрекеттердің салдары және заңды сақтау маңыздылығы туралы түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.
Оқушыларымызды құттықтаймыз!
03
сәуір
2026
Оқушыларымызды құттықтаймыз!
9-11 сыныптар арасындағы қалалық гандбол сайысында біздің команда 3-орын иеленді! Жетекшілік пен қолдау көрсеткені үшін Тубабергенов А.М.-ге алғысымызды білдіреміз
«Айбын — 2026» қалалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
02
сәуір
2026
«Айбын — 2026» қалалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
Бұл тартысты додада қаланың ең мықты командалары бақ сынасты. Біздің оқушылар нағыз қайсарлық пен дайындықтың үлгісін көрсетті! Бостандық ауданының құрама командасын айтулы жеңістерімен құттықтаймыз! Құрама сапында келесі мектептердің 10-11 сынып оқушылары өнер көрсетті: №23, №38, №51, №81, №140 және №146 мектептер. Ауызбіршілік пен темірдей тәртіптің арқасында біздің жастар қала бойынша жүлделі 2-ОРЫНДЫ иеленді! Болашақ Отан қорғаушыларымызды мақтан тұтамыз! Сендер нағыз рухты әрі жеңіске
БІЗДІҢ ШАХМАТШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҮШТІГІНДЕ!
01
сәуір
2026
БІЗДІҢ ШАХМАТШЫЛАР ҮЗДІКТЕР ҮШТІГІНДЕ!
«Тұран» колледжінің базасында өткен қалалық деңгейдегі тартысты додада «№23 мектеп-гимназия» КММ командасы ерекше ойын өрнегін көрсетті! Алматы қаласы мектеп оқушылары арасындағы шахматтан командалық біріншілікте біздің оқушылар жүлделі III орынды иеленді. Әрбір партия төзімділік пен терең логиканың сынағы болды. Шәкірттеріміз шахматтың тек ойын емес, нағыз стратегиялық өнер екенін дәлелдей білді. Команда жетекшісіне ерекше алғыс: Білікті тәлімгер Ә.М. Тұбабергеновтің жетекшілігімен
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
31
наурыз
2026
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
№23 мектеп-гимназиясы тамаша оқушыларымыздың жетістіктерін зор қуаныш пен мақтанышпен бөліседі! Біз қыздарымызды Азаматтық қорғаныстың дүниежүзілік күніне арналған іс-шараларда жоғары жетістіктері мен лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Біздің жас, дарынды суретшіміз! 1 «А» сынып оқушысы Милана Шайханқызы байқауда жеңіске жетті! Байқау қорытындысы бойынша ол: «ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ»  номинациясының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ 10 «В» сынып оқушысы Амиреева Камила да құттықтаймыз! Байқау қорытындысы
Оқушымыздың жетістігімен мақтанамыз!
27
наурыз
2026
Оқушымыздың жетістігімен мақтанамыз!
№23 мектеп-гимназиясының оқушысы Утенова Еркеқыз WorldSkills Kazakhstan стандарттары бойынша өткен қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына — «Мамандықтағы алғашқы қадамдар» байқауына қатысты. «Ағаш ұстасы ісі» құзыреттілігі бойынша Еркеқыз жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, II орын иеленді!  Сонымен қатар, қатысушы Алтын сертификатпен марапатталды. Бұл сертификат оның жоғары нәтижесін растап, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Архитектура, дизайн және инженерия колледжі-не байқаудан тыс түсу
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
22
наурыз
2026
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
  Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!   Бұл жарқын мейрам – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің белгісі. Көктемнің шуақты күндері әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақыт пен бақ тілейміз.   Әр күндеріңіз қуанышқа толы болып, барлық бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын! Ізгі тілекпен, Мектеп әкімшілігі
-->