Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрметті ұстаздар, ардақты аналар, аяулы арулар!
08
наурыз
2026
Құрметті ұстаздар, ардақты аналар, аяулы арулар!
 Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, жылулық пен мейірім сыйласын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілейміз. Әр күніңіз шаттық пен күлкіге, жүректеріңіз махаббат пен шабытқа толы болсын.  Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз – қоғамымыздың берік негізі. Әрқашан құрмет пен ілтипатқа бөлене беріңіздер! Ізгі тілекпен, Мектеп әкімшілігі
Біздің мектепте «Анасының шуағы» байқауы өтті
27
ақпан
2026
Біздің мектепте «Анасының шуағы» байқауы өтті
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  бастауыш сынып оқушылары арасында «Анасының шуағы» атты мерекелік байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға 1–4 сынып оқушылары аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін және сахналық мәдениеттерін көрсетті. Байқау барысында қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Байқауға 1 «Ә», 3 «Ә», 4 «Ә», 2 «Б», 3 «А», 4 «А» сыныптарының оқушылары қатысты. Ана мен бала арасындағы
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы
16
ақпан
2026
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы 2026 жылғы 11 ақпан Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.  2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа
Мектепішілік бақылау аясында мектеп асханасының жұмысына мониторинг жүргізілді
26
қаңтар
2026
Мектепішілік бақылау аясында мектеп асханасының жұмысына мониторинг
Мониторинг барысында төмендегі мәселелер тексерілді: • асхана залы мен ас дайындайтын бөлменің санитарлық жағдайы;    • санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы;    • ұсынылатын тағамдардың сапасы мен ассортименті;    • білім алушылардың тамақтану режимінің сақталуы;    • қажетті құжаттаманың болуы және жүргізілуі. Мониторинг қорытындысы бойынша мектеп асханасының жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды. Санитарлық нормалар мен ережелердің бұзылуы тіркелген жоқ.
2025 жылғы 17 желтоқсанда Zoom-конференция форматында аудандық және мектепішілік ата-аналар жиналыстары өтті.
17
желтоқсан
2025
2025 жылғы 17 желтоқсанда Zoom-конференция форматында аудандық және
2025 жылғы 17 желтоқсанда Zoom-конференция форматында аудандық және мектепішілік ата-аналар жиналыстары өтті. Күн тәртібі: Балалардың қауіпсіздігі  Кездесу барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернеттегі, жолдағы, үйдегі және мектептегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Балалар қауіпсіздігіне бейжай қарамай, белсенді қатысқандарыңыз үшін барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
16
желтоқсан
2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы 2025 жылғы 16 желтоқсан Құрметті отандастар!   Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.   Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.  Азаматтарымыздың ырысты
9 желтоқсанда мектебімізде «Таза Қазақстан» науқанына орай  «Эко-сән» сән көрсетілімі өтті.
09
желтоқсан
2025
9 желтоқсанда мектебімізде «Таза Қазақстан» науқанына орай «Эко-сән»
  Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптан бір оқушыдан өнер көрсетті. Қатысушылар қайта өңделетін және экологиялық таза материалдардан жасалған түпнұсқа костюмдерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар әрқайсымыздың өміріміздегі экологиялық таза тәсілдің маңыздылығын бөлісе отырып, өз киімдерін шығармашылықпен ұсынды.Барлық оқушылар шығармашылық, идея, презентация және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін лайықты номинацияларға ие болды!Қатысқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет
Бүгін мектебімізде 5-сыныпта  “Міне, біз тағы бір жылға есейдік “атты ата-аналар жиналысы болып өтті.
05
желтоқсан
2025
Бүгін мектебімізде 5-сыныпта “Міне, біз тағы бір жылға есейдік “атты
Кездесу тақырыбы: 5-сыныптардағы Сыныптық-жаңалық бақылау (СЖБ). Кездесуді мектеп директоры Смаилова Ф.М. кіріспе сөзімен ашып, СЖБ-ның тек білімді бағалау құралы ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісін жетілдіру және әрбір баланың дамуына қолайлы жағдай жасау құралы екендігін атап өтті. Кездесу барысында мына өзекті мәселелер қаралды: — бесінші сынып оқушыларының үлгерімі мен бейімделуі, — оқушылардың эмоционалды-психологиялық жағдайы, — ата-аналарға арналған тренингтер, — ата-аналардың
-->