Алматы қаласы Білім басқармасының
"№23 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 255–85–38
Есепші бөлімі:
+7(727) 255–86–78
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сәуір
2023

Ұлттық киім күні


Қазақстан көпұлтты мемлекет. Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Соған байланысты әлеуметтік желілерде ұлттық киім күні идеясын қолдайтын бастамалар жиі айтылып, оны  24 сәуірде атап өту ұсынылуда. Өзін Қазақ елінің дәстүрі мен мәдениетін айырықша бағалаймын деп санайтын әр адам осы күні үстеріне ұлттық стильдегі киімдерді киіп, өз тарихымыз бен әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне шабыт беретін керемет нәрселер жасаған бабаларымызға құрмет көрсетуге шақырады. Жылдардан жылдар өткен сайын жетекші дизайнерлердің сән коллекцияларында әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, қоржындар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер пайда болуда. Әр қайсысының өзіндік мәні бар дәстүрлі дала ою-өрнектерін олар баяғыдан-ақ өз киімдеріне салып алғанын айтпауға да болады. Кейінгі ұрпақтың ұлттық әшекейлерге деген қызығушылығы артып келеді – бұрынғы әжелеріміздің көзіндей болған үлкен сырғаларды және ұлттық ою-өрнекті білезіктерді бүгінгі жастар қуана-қуана тағады. Соңғы жылдары еуропалық және американдық сәнқой әйелдер өздері тағып жүрген слейв-білезік деп аталатын сақиналарына жіңішке шынжырмен жалғанған күміс білезіктер қазақтың білезігінің немесе бас білезігінің толық көшірмесі екенін бірі білсе, бірі білмейтіні айдан анық. Мереке сайын ұлттық киімдерін киіп жүретін испандықтар, немістер сияқты халықтар қашанда өздерінің ұлттық мұраларына үлкен жауапкершілікпен қарайды; міндетті түрде ұлттық киіммен шығатын үнді халқының үйлену тойлары әлемге әйгілі; малайзиялықтар да өмірлеріндегі маңызды оқиғаларды ұлттық киіммен атап өтетіндерін де көрдік... айта кетсек, соңғы кездері көптеген жоғары деңгейлі ісөшараларда ұлттық нақышы бар киімдер көрініс табуда. Осыған байланысты айтулы идеяны қолдаушылар 24 сәуір күні кеңсеге, оқу орнына немесе кештерге ұлттық киіммен келуді ұсынып отыр. Бұл идеяны қодаушылар мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасынан да көптеп табылды.